Елімізде алғаш рет каратэден 5 бірдей федерацияның басы қосылып, ортақ чемпионат өткізді.
Астанадағы бәсекеге 90-ға жуық спортшы қатысып, 15 салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталған. Жекпе-жектер ерлер және қыздар арасында өтті.
Жарыс жеңімпаздары алдағы әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.