Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден лицензиялық әлем кубогы кезеңі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері Ольга Довгун неміс жерінде сынға түсетін мергендер тізімін жариялады.

Олар: Юрий Юрков, Александра Малиновская, Елизавета Король, Виолетта Старостина, Владимир Исаченко, Илья Федин, Алексей Клейменов, Рашид Юнусметов, Ирина Локтионова, Юлия Комендра, Эльдар Иманқұлов, Елизавета Безрукова.