Еліміздегі маңдай алды таэквондошыларымыздың бірі Жансель Дениз Англияда өтетін әлем чемпионатында еліміздің намысын қорғайтын болады.

-Германиядағы турнирден кейін Ұлттық құрама жаттығу жұмыстарын бастап кеттік. Жақын арада оларға мен де қосыламын. Тіземді жарақаттап алғаным бар. Негізі, екі-үш апта ем-дом алуым керек. Алайда, уақыт тығыз, сондықтан жолға жиналамын.

Қандай кедергі болмасың, мен Манчестердегі чемпионатқа қатысамын деп шештім. Жаттығуым тыңғылықты болмаса да, маңызды турнирде барымды саламын – деді Қазақстан Ұлттық құрамасының көшбасшысы Жансель Дениз.

Таэквондодан әлем біріншілігі 15-19 мамыр аралағында Англияның Манчестер қаласында өтеді.