8 мамыр күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2019» турниріне іріктеу аясында «Алматы Барысы — 2019» қалалық турнирі жарысы өтеді.

Турнирде бірінші және екінші орынға ие болған спортшылар қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.