8 мамырда Алматы қаласындағы Б. Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы - 2019» қалалық турниріне іріктеу жарысы өтеді.

Бірінші және екінші орынға ие болған палуандар қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.

Айта кетейік, бұл додада «Алматы Барысы - 2018» турнирінің жеңімпазы - апайтөс палуан Нуралинов Дәурен биылғы турнирде чемпион атағын қорғайды.

Жарыстың салтанатты ашылуы 8 мамыр 14:00-ге жоспарланған.

Кіру: тегін.