Оңтүстік астанада «Алматы Барысы - 2019» турнирі өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз8 мамырда Алматы қаласындағы Б. Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Алматы Барысы - 2019» қалалық турниріне іріктеу жарысы өтеді.
Бірінші және екінші орынға ие болған палуандар қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алады.
Айта кетейік, бұл додада «Алматы Барысы - 2018» турнирінің жеңімпазы - апайтөс палуан Нуралинов Дәурен биылғы турнирде чемпион атағын қорғайды.
Жарыстың салтанатты ашылуы 8 мамыр 14:00-ге жоспарланған.
Кіру: тегін.