Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Лондонда жергілікті «Арсенал» испаниялық «Валенсияны» қабылдаған. Есепті алғаш болып қонақтар ашқанымен, алаң иелері 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Англиялық команда сапынан Александр Ляказетттың қос голына Пьер-Эмерик Обамеянг үшінші голмен үн қатты. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Муктар Дьякаби соқты.

1/2 финалдық матчтың екінші жұбында «Айнтрахт» пен «Челси» кездесті.

«Коммерцбанк-Арена» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Лука Йович, ал қонақтар тарапынан Педро Родригес көзге түсті.