Еуропа лигасының жартылай финалдық матчтары өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЕуропа лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.
Лондонда жергілікті «Арсенал» испаниялық «Валенсияны» қабылдаған. Есепті алғаш болып қонақтар ашқанымен, алаң иелері 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Англиялық команда сапынан Александр Ляказетттың қос голына Пьер-Эмерик Обамеянг үшінші голмен үн қатты. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Муктар Дьякаби соқты.
1/2 финалдық матчтың екінші жұбында «Айнтрахт» пен «Челси» кездесті.
«Коммерцбанк-Арена» стадионында өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Лука Йович, ал қонақтар тарапынан Педро Родригес көзге түсті.