Бокстан Банконгте өткен Азия біріншілігінде 81 келіге дейінгі салмақта топ жарған Қорғаныс министірлігінің баспөзіне берген сұқбатында алға қойған мақсатымен бөлісті.

- ҚР Қарулы күштерінің құрамында екенімді мақтан тұтамын. Спортпен шұғылдану үшін бізде барлық жағдай жасалған. Өткен Азия чемпионаты мен үшін алғашқы ірі жарыс болды. Ендігі мақсатым - әлем біріншілігін жеңіп алу. Мақсатыма жету үшін аянбай тер төгемін, және бірде-бір жарыстан қалмаймын - деді Азия чемпионы Бек Нұрмағамбет.