Иорданиялық мультипликатор Моджахед Фудайлат жақында ғана серіктестігін тоқтатқан Абель Санчес пен Геннадий Головкиннің қатысуымен мультфильм түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Фудайлат әзіл-сықақ стилінде түсірілген мультипликациялық фильмде Головкин мен Санчестен басқа UFC президенті Дана Уайтты, аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегорды және мансабын аяқтаған Жорж Сен-Пьерді басты кейіпкер ретінде алған.

Есетеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бапкері Абель Санчестен кеткен болатын. Мексикалық бапкер шәкіртін қызғаншақ екенін және ақша оны өзгерткенін айтты.