35 жастағы қақпашы Жасур Нәрзіқұлов жақын арада «Таразбен» келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. Еңбек келісімінің толығырақ шарттары белгісіз. Нәрзіқұлов ҚПЛ-да бес команданың намысын қорғаған – «Ордабасы», «Қайсар», «Ақтөбе», «Тараз» бен «Атырау». Өткен маусымда ол шымкенттік «Ордабасының» қақпасын күзетіп, 22 матчқа қатысқан еді.