Қазақстан чемпионатында бұрын-соңды аты-жөнін естімеген легионерлер көп. Биыл да сырттан келетін ойыншылардың саны артты. Қазақ футболына дем беруі тиіс шетелдік ойыншылар өз деңгейіне лайық па? Осы орайда Prosports.kz тілшісі Қазақстан чемпионатында ойнайтын легионерлерді тізіп көрді. Легионерлер дегеніміз – кімдер?

Қазақ даласында дүниеге келген мықты спортшылар жетіп артылғанымен, азаматтарымыздың шеберлігін көрсете алмауынан ба әлде оларды танытатын скауттың жоқтығынан ба, өзге елдің спортшыларының көмегіне жүгінуге мәжбүрміз.

Ойсырап тұрған осы мамандықтың орнын толтыру үшін Қазақстан футбол федерациясы өз мамандарын бірер жылдан бастап шет елдерге жібере бастады. Бірақ әлі де нәтиже жоқ. Мінеки, елімізге «легионер» ұғымының жоғалғанына да төрт жылдан аса уақыт өтіпті. Себебі федерация 2014 жылы «қазақстандық футболдың түлегі» категориясын ойлап тапқан еді. Алғашқылардың бірі болып алматылық «Қайрат» Қазақстанға қатысы жоқ Михаил Бакаев, Зәуірбек Плиев және Дмитрий Хомич деген азаматтарды ойнатқан болатын.

Алайда аталмыш ойыншылар Қазақстанда өткізген аз уақыттан кейін келген жері - Ресейге кері оралды. Қайтадан РФ азаматы атанды.