Бүгін Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының Төрттік финалы өз жалғасын табуда, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Үшінші орынға таласта испаниялық екі клуб - «Барселона» мен «Интер» кездесті.

Матчтың басы қауіпті шабуылдарымен есте қалмады. Әйтсе де, 7-минутта «Интер» сапынан ұрымтал тұстан «Барселонаға» Марлон ойынның алғашқы голын соқты. Жалпы алғанда, ойынның басында каталондықтар допқа көбірек иелік етті.

Араға екі минут салып «Барселона» есепті теңестірді. Бұл жолы Бойистың пасын Феррао пайдаланды. Каталониялықтар шабуылды жалғастыра түсті.

Көп ұзамай каталониялықтар есеп санын ұлғайтты. Адольфоның соққысын «Интер» қақпашысы тоқтата алмады. Есеп – 1:2. Бірнеше секундтардан кейін «Интерден» Рикардиньо алға ұмтылғанымен, допты қақпаға дәлдеп соға алмады.