Қазақстандық балуандар Валентина Исламова мен Марина Седнева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

50 келіге дейінгі салмақта белдескен Валентина Исламова үндістандық Сима Симадан басым түсіп, қола медаль жеңіп алды.

Ал 55 келідегі Марина Седнева кіші финалда Оңтүстік Корея өкілі Хайюнг Кимнен басым түсті.