«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Виктор Пасулько ел біріншілігінің басталуына үш күн қалғанда жұмыстан босатылды. 
 
Бұл туралы «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне шымкенттік клубтың баспасөз-қызметі хабарлады. Команданың уақытша бапкері болып Пасульконың көмекшісі Қуаныш Қарақұлов тағайындалды.  
 
Виктор Пасульконың неліктен жұмыстан босатылғаны белгісіз.