«Атырау» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Сергей Ларин журналистерге берген сұхбатында бұрынғы клубы оған ақша қарыз екенін айтты.
 
« 2012-ші жылы «мұнайшыларға» ойнадым. Келісімшарт бойынша, маусым басталмас бұрын олар маған 8 миллион теңге төлуі керек болатын. Жалақымның жартысы еді. Бірақ, олар төлемеді. Бұған қоса, мен клубтан кеткен соң, олар маған барлық ақша төленді деп мәлім етті.
 
Мен осы сұрақпен клуб басшылығына жолықтым, бірақ олар маған барлық ақша төленді деп қоя берді. Содан соң, мен Атырауда адвокатты жолдап, қала сотына бардым. Сот барысында, олар өтірік менім қолымды қойып, барлық ақша төленді деп бәле жапты. Дегенмен, тексерістің қорытындысы бойынша, ол өтірік болып шықты. Сот төрешінің шықарған шешімімен клуб маған барлық ақшаны қайтаруы керек еді, бірақ олар маған наурызға дейін барлық қарыз қайтарылады деген, дегенмен әлі ешқандай ақшаны көрген емеспін» - деді Ларин.