«Қайрат» футзал клубының капитаны Дінмұхамбет Сүлейменов УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық матчтары жайлы ойымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

- Мансабымызда қандай финалда өнер көрсетсек те, ешқашан мотивациямызды жоғалтқан емеспіз. Оның үстіне осы жолы өз алаңымызда, жанкүйерлеріміздің алдында ойнаймыз. Бұл да өте маңызды. Бұл турнирге бүкіл әлем көз тігіп отыр. Біз матчтарға дайынбыз.