Бүгін, 23 сәуірде, «Қайрат» спорт кешенінде УЕФА кубогының Төрттік финалының баспасөз конференциясы болып өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Баспасөз конференциясында «Қайрат» АФК-ының Төрттік финалдық сайыста киетін жейдесі таныстырылды.

Конференцияға «Қайрат» АФК Президенті Қайрат Оразбеков, алматылық клубтың бас бапкері Пауло Рикардо Кака және команда капитаны Дінмұхаммед Сүлейменов қатысты.

Айта кетейік, биылғы төрттік финал Алматы қаласындағы «Алматы-Арена» көпфункциялы спорт кешенінде 26-28 сәуір аралығында өтеді. «Қайрат» 26 сәуірде «Барселонамен» кездеседі.

Жылдың басты футзал турниріне билеттерді zakazbiletov.kz, kassir.kz және ticketon.kz сайттарынан сатып алуға болады.