Хоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «А» тобының матчтары Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Әлемдік турнирді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Алғашқы кездесу 29 сәуірде Қазақстан мен Словения құрамасы арасында өтеді.

Әлем чемпионаты мамырдың 5-іне дейін өтеді.