Хоккейден әлем чемпионаты тікелей эфирден көрсетіледі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызХоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «А» тобының матчтары Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Әлемдік турнирді «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Алғашқы кездесу 29 сәуірде Қазақстан мен Словения құрамасы арасында өтеді.
Әлем чемпионаты мамырдың 5-іне дейін өтеді.