Әлемдік рейтингіде 620-орында тұрған Попко финалда 557-ракетка, аргентиналық Агустин Велоттимен кездесті.

Отандасымыз 6:0, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Финалдық бәсеке екі сағаттан астам уақытқа созылды. Попко жартылай финалда доминикандық Хосе Оливаресті 6:2, 6:1 есебімен ұтқан еді.

Бұл жарыстың жүлде қоры - 15 мың АҚШ доллары.