Лондонда теннистен Федерация Кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында өткен Қазақстан мен Ұлыбритания құрамалары арасындағы кездесу аяқталды.

Екінші ойын күні Зарина Дияс Кэти Бултермен күш сынасты. Кездесу 7:6 (7:1), 4:6, 1:6 есебімен британиялық теннисшінің пайдасына шешілді.

Нәтижесінде 3:1 есебімен алға шыққан Ұлыбритания құрамасы екінші әлем тобына өтті.