Prosports.kz сайты «Ел классико» атанып кеткен «Астана» мен «Қайрат» командалары туралы қызықты деректерді назарларыңызға ұсынады.

Футбол. ҚПЛ. «Қайрат» — «Астана»

«Қайрат» чемпионат басталғалы өз алаңында өткізген 3 матчта жеңіске жетті;

Алматылықтар ҚПЛ аясында өз алаңында «Астанаға» қарсы өткізген 4 матчтың үшеуінде жеңіліс тапқан;

«Қайрат» астаналық клубқа қарсы өткізген соңғы 6 матчта тек 3 гол өткізген.

«Астана» осы маусымда қонақта өткізген ойынның ешқайсысында жеңілмеді;

Осы жылы астаналық клуб Қазақстан Суперкубогы аясында «Қайрат» қарсы ойында жеңіске жетті - 2:0.

Жеке кездесулер:31 матч – «Қайрат» -10 жеңіс; 7 тең ойын; «Астана» - 14 жеңісДоп айырмасы – 36:39.