Қазақстандық Виталий Худяков ашық суда жүзуден Азия чемпионатында бірінші орын алды

Худяков 5 шақырым қашықтықта алтын медаль иеленді. Ол Жапония және Қытайлық Тайпей спортшыларын артта қалдырған.

Қазақстанның тағы бір өкілі Лев Черепанов мәреге төртінші болып келді.

Айта кетейік, ашық суда жүзуден Азия чемпионаты 19 сәуірде басталған болатын.