Өткен демалыс күндері киокушинкайкан каратэден "DARABOZ DOJO CUP" ашық Республикалық турнирі өтті. Жарысқа еліміздің көптеген өңірінен Алматы қаласы,Ақтау,Талдықорған,Өскемен,Каскелең, Талғар , АБИ Окинава,Алматы облысынан 12 команда катысты.

6-17 жас аралығындағы 300-ге жуық жасөспірімдер өз бақтарын сынады. Жарыс барысында РҚБ"IKO KYOKUSHINKAIKAN FEDERATION" Алматы филиалының басшысы Барлықбекұлы Саят құттықтау сөз сөйлегеннен кейін, жарысқа келген қонақтар арасынан DARABOZ DOJO каратэ клубының дамуына зор ықпалын тигізіп жүрген Әлжанов Тілек, Жасұлан Діністанов және қазақ өнерінің жарық жұлдызы Тоқтар Серіков пен Қазыбек Әдікей ,Қазақ Спорт Туризм Академиясының ұстазы Талғар Ахмадиев ақ лебіздерін айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Екі күнге созылған турнирде жалпы командалық есепте бірінші орынды DARABOZ DOJO(Алматы), 2-ші орын ҰРККФ(Алматы Облысы) 3-ші орын АБИ Окинава(Алматы) командасы жеңіп алды.

Осы жарысты ұйымдастыруға ұйытқы болған білікті бапкер, каратэден 2-ші дан иегері Саят Барлықбекұлы екенін айта кеткеніміз абзал. Оның шәкірттері аталған жарыста оза шапты. Бұған дейін де бірқатар республикалық, тіпті халықаралық жарыстарда жүлде алған болатын.