2019 жылғы Премьер лига ойындарының статистикасына сәйкес, «Ордабасы» чемпионатта ең көп жанкүйер жинаған клуб болып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы үш турда Қажымұқан атындағы орталық стадионға 14 500 жанкүйер жиналған. Орта есеппен айтқанда әр матчты 4 833 адам алаңнан тамашалаған.

Айта кетейік, ертең, 20 сәуірде шымкенттік команда Қызылордада жергілікті «Қайсармен» кездеседі.