Қазақстандық теннисші Дария Детковская Шымкентте өтіп жатқан ITF турнирінде бағын сынады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

19 жастағы спортшы қыз жерлесі Жібек Құламбаевамен жұптасып, қазақстандық-рсеейлік Екатерина Дмитриченко - Виктория Дема жұбына қарсы ойнады.

1 сағат 14 минутқа созылған кездесуде 1:6, 6:3, 10:6 есебімен қазақстандықтық теннисшілер жеңіске жетті.

Осылайша, Детковская/Құламбаева жұбы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.