Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Шымкентте өтіп жатқан ITF турнирінің екінші айналымынан аса алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бұл кезеңде Италия спортшысы Фабрицио Орнагоға есе жіберді.

3 сағат 55 минутқа жалғасқан аса тартысты кездесу 6(5):7, 7:5, 6(5):7 есебімен аяқталды.

Осылайша, Скатов турнирдің ширек финалына өте алмады.