«Оқжетпес» командасының шабуылшысы Санат Жұмаханов Премьер лиганың 6-шы туры аясында өтетін «Атырауға» қарсы матчқа қатыса алмайды.

Бұған себеп, футболшы өткен турда «Тобылға» (1:2) қарсы ойында сары қағаз алғаны болып отыр. Бұл футболшының осы маусымдағы төртінші рет сары қағазбен жазалануы болғандықтан, келесі турда командасына көмектесе алмайды.

31 жастағы футболшы биыл 5 ойынға қатысып, бір гол соқты