Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов «Қарақатпен шай» бағдарламасында балалық шағы, болашақтағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысуы туралы:

«Бала кезімнен кәсіпқой бокстың шыңын бағындыру арманым болатын. Әуесқой бокспен айналысып, Олимпиаданы ұтуға болатын еді. Алайда, өзімнің арманым-кәсіпқой боксқа кетуді ұйғардым.

Головкиннің қарсыласы Сауль Альварес кәсіпқой боксқа 16 жасында келген. Мен 19 жасымда бет бұрдым. Әлі бағындырар белесім алда. Алла қосса, Головкиннің жасында 50-60 жекпе-жекті еңсеріп тастаймын ойлаймын».

«Қазақи салмақ дәрежесінде» бәсекелестің жоғары болуы туралы:

«69 кг дейін салмақ дәрежесінде елімізде бәсекелестік жоғары. Бұл салмақта Асланбек Шымбергенов пен Абылайхан Жүсіповты көшбасшылар деп ойлаймын. Олимпиада кім баратынын білмеймін. Алайда, осындай өз ісін білетін екі боксшы үшін қуанышты болар едім».

Головкинге қарсы жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы:

«Жоқ. Біздің салмақ дәрежеміз сәйкес келмейді. Менің салмағымда қазақстандық көшбасшысы Қанат Ислам. Бізге жұдырықтасу керек болса, бас тартар едім. Үлкен ағаларыма жолымды бергенім дұрыс болар».

Өзінің ұлты туралы:

«Бәрі айтып жатады, өзбек деп, татар деп. Жоқ, мен қазақпын. Әкем де - қазақ, шешем де- қазақ. Айтудан жалықпаймын, мен-қазақпын!».