Атлантик-Сити қаласында Кристина Хаммер мен америкалық Кларесса Шилдс жұдырықтасты.

Олардың есімдері жанкүйерлерге жақсы таныс. Қазақстанда, нақтырақ айтсақ Қарағанды облысында туып-өскен 28 жастағы Кристина Хаммер тоқсаныншы жылдардың басында ата-анасымен бірге Германияға қоныс аударды. Сол жақта бокспен айналысып, 2009 жылы бірінші кездесуін өткізді. 10 жыл аралығында 25 рет рингке көтеріліп, бірде-бір рет жеңілмеген еді. Кристина бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы атағынының иегері.

24 жастағы Кларесса Шилдс АҚШ-тың Мичиган штатының тумасы. Ол екі дүркін Олимпиада және екі дүркін әлем чемпионы.

Қос мықтының арасындағы тартыс 10 раундқа созылып, төрешілер жеңіске Кларесса Шилдс лайық деп шешті. Осылайша, Қазақстан тумасы өзінің карьерасында алғаш рет жеңіліп қана қоймай, алтын белбеуінен де айырылды.