Қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге маусым айында жекпе-жегін АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өткізу үшін 2 миллион доллар ұсынған.

Геннадий Головкинге жекпе-жегін Сан-Антонио қаласындағы 38 мың көрерменді сыйдыра алатын Alamodome кешенінде өткізуге ұсыныс жасаған. Тіпті, инвесторлар қазақстандық боксшыға 2 миллион доллар сыйақы беруге әзір болған. Алайда Головкин бұл ұсыныстан бас тартқан.