«Реал Мадридтің» жас шабуылшысы Винисиус Жуниор осы маусымда көрсеткен керемет өнерінен кейін трансфер нарығындағы бағасы бірнеше есе қымбаттады, деп жазады prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың саралауынша, жас бразилиялық бір жылға жуық уақытта 6 есе қымбаттаған. Мәселен дәл қазір оның тарнсфер нарығындағы құны 70 млн еуро.

Германиялық атақты transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша, 2017 жылдың соңында оның бағасы бар болғаны 10 млн болатын. Бірақ, сол кездің өзінде «Реал Мадрид» оны «Фламенго» командасынан 45 миллион еуроға сатып алған.

Винисиус қазіргі командасында төртінші қымбат ойыншы. Оның алдында Крос, Варан, Асенсио үштігі ғана орналасқан.

Испания Ла лигасында 12-ші қымбат ойыншы (Төмендегі суреттен толық мәліметті көруге болады).

Бұдан бөлек, 2000 жылдан кейін туғандар арасында екінші орында тұр. Одан сәл қымбат англиялық Джейдон Санчо (80 млн) ғана.

Ал жалпы әлем футболында қымбат 40 ойыншының қатарына кіреді.