1980 жылы 4 маусым түстен кейін «Сантьяго Бернабеуде» Испания кубогының финалдық матчы өтті. Финалда «Реал Мадрид» қарсыласын 6:1 есебімен талқандап, 14-ші мәрте патша кубогын жеңіп алды, деп жазады prosports.kz.

Бір қызығы «Реал» ойыншылары чемпиондық атағын тойлай бастағанда, қарсыластары да қатарға қосылып қуанышқа бөленді. Ақтық сында алты доп жіберіп, жеңілгеніне қарамастан қарсыласының чемпиондығын тойлаған «ақымақ» команда «Кастилья» болатын. Басқаша айтқанда, «Реал Мадридтің» екінші командасы.

Ендеше финалда екі «Реал» қалай кездесіп жүр?

79/80 жылғы Испания кубогына жалпы 18 фарм-клуб қатысады. Бұлардың ішінде «Реалдың» екінші командасы «Кастилья» ойыншыларының орташа жасы 20 жас еді. Әрі командада жасы 23-тен асқан ойыншы болған жоқ. Мамандар бұл командада жастық жалын болғанымен тәжірибе жоқ, сондықтан бұлар алысқа бара алмайды деп есептеді.

Реал Мадрид - Реал Мадрид Кастилья