Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы І Азия чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеде спортшылар көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы ату түрлерінен Азия чемпионатының жүлделерін сарапқа салады. Жарысқа 9 мемлекеттің командалары қатысады. Атап айтқанда, Қазақстан, Венгрия, Ресей, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Қырғызстан мемлекеттерінің жастар командалары бақ сынайды.

Дүбірлі дода 16-21 сәуір күндері аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов кентіндегі ипподромда өтеді.