«Ақтөбенің» бас бапкері Александр Седнев «Ертіске» (3:3, пен: 1:3) қарсы өткен Қазақстан Кубогының 1/8 финал ойынына пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.- Ойын нағыз кубок ойынына лайық, шиеленіске толы болды. Біз матч бойы есепті теңестірумен болдық. Теңестіре алдық, бірақ жеңе алмадық.

Қандай жағдайда тұрғанымызға қарамастан жандарын салып ойнаған футболшыларға алғыс айтамын. Біз ойын тағдырын негізгі уақытта шешіп кете алар едік. Пенальти бұл лотерея, лотереяда жеңілдік, - дейді бапкер.