«Блиц» ақпаратына сүйенсек, «Астана» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов жақын арада жаңа клубтың тізгінін ұстайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Басылымның хабарлауынша, Стоилов ресейлік клубты баптамақ. Нақты қай команда екені аталған жоқ, бірақ Ресей Премьер-лигасында ойнайды. Екі тарап келіссөзді бастап кеткен. Стоилов өз көмекшілерімен ақылдасып, ресейлік клубпен келісімшартқа отыруға жақын.

Бұған дейін Станимир Стоилов түркиялық «Фенербахченің» бас бапкері болуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын.