Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростов» Ресей Премьер-лигасының 23-турындағы келесі матчына барлық билеттің сатылғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Зайнутдиновтың командасы мәскеулік «Спартакпен» кездеседі. Ойын 43 мың көрермен сыятын «Ростов Аренада» өтеді.

Кездесу 14 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Айта кетейік, Бахтиер Зайнутдинов «Ростов» сапына биыл қаңтарда ауысқан болатын.