Бірінші голды жартылай қорғаушы Тиаго Алькантараның пасынан кейін 10-минутта қорғаушы Матс Хуммельс салды. Бірінші таймның ортасында «Баварияның» басымдылығын шабуылшы Роберт Левандовски арттырды. 41-минутта жартылай қорғаушы Хави Мартинес гол соқты. Үзіліс алдында «Боруссияның» қақпасына тағы бір доп шабуылшы Томас Мюллердің пасынан кейін Серж Гнабри соқты. Ойынның соңында Левандовский Гнабридің берген пасынан кейін дубль авторы атанды.
«Бавария» 64 ұпаймен Германияның чемпионатында көш бастап тұр, ал екінші орынға «Боруссия» (63) жайғасты.