Испания чемпионатының 31-ші турында «Реал Мадрид» «Эйбарды» қабылдады. Кездесу Мадридте «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті және 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Бірінші голдың авторы 39-минутта «Эйбар» шабуылшысы Марк Кардона атанды. Екінші таймның басында «Реал Мадрид» шабуылшысы Кәрім Бензема есепті теңестірді. Одан кейін 81-ші минутта дубль авторы атанған Бензема өз командасына жеңіс әкелді.
«Реал» Испания чемпионатындағы соңғы бес кездесуде төртінші жеңісіне жетті. «Эйбар» үшін бұл жеңіліс соңғы үш кездесуде бірінші болды.«Реал Мадрид» 60 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр, алЭйбар 39 ұпаймен 11-ші орында.