Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) жекпе-жек өткізу туралы бір шешімге келмесе, оның отандасымен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Бұл туралы қазақстандық боксшының жаттықтырушысы Абель Санчес мәлімдеді. Оның айтуынша, екі жақтың өкілдері келісе алмаса Головкин күзде мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен (32-0, 26 КО) жекпе-жек өткізеді. 22 жастағы былғары қолғап шебері бірінші орта салмақта WBO чемпиондық белбеуінің иегері. Мансабында 32 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Бірер күн бұрын батыс басылымдары Геннадий Головкин 8 маусым күні америкалық Брэндон Адамспен (21-2, 13 КО) шаршы алаңда қолғап түйістіретіні жазған болатын. Алайда артынша жекпе-жекті өтпей қалу қаупі бар екенін мәлімдеді.