Бүгін Дубайда (БАӘ) қазақстандық боксшылар Сұлтан Зәуірбек пен Әбілқайыр Шегалиев Emirates Golf Club бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Сұлтан Зәуірбек (5-0, 3 КО) жеңіл салмақта қытайлық Чэн Хун Таомен (7-5-1, 5КО) кездеседі.

Орта салмақта Әбілқайыр Шегалиев (2-0, 1 КО) грузиндік боксшы Теймураз Абуладземен (9-6, 7КО) жұдырықтасады.

Тікелей тансляцияны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:30-де МЫНА жерден көре аласыздар.