Түркістан шаһарында өткен журналистер арасындағы шағын футболдан өткен республикалық турнирде Алматы журналистер құрамасы жүлделі 3-орынды жеңіп алды. Олар 3-орын үшін болған тартысты бәсекеде Нұрсұлтан Құрман бастап келген "Хабар" агенттігінің командасын 7:2 есебімен ұтты.

Режиссер Шоқан Маханов турнирдің үздік қорғаушысы,белгілі спорт комментаторы Жандос Айтбайұлы турнирдің үздің ойыншысы атанды.

Сонау Батыс Қазақстан,Солтүстік Қазақстан облыстарынан,Қызылордадан,Тараз,Шымкент,Астанадан командалар келіп, жақсы ойын көрсетті. Қатысушылар турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырған Түркістан облысы әкімдігіне,Ішкі саясат басқармасына алғыстарын білдірді.

Аламанға допты ұршықша үйірген 13 команда қатысты. 1-орынды біз жартылай финалда пенпльти бойынша есе жіберген Қызылорда командасы иемденсе, 2-орынды Жамбыл облысы жеңіп алды.