Италияның А сериясында көш басында келе жатқан "Ювентус" футбол клубы өз алаңында "Эмполи" командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтағы есеп 72-ші минутта ашылды. Мойзе Кин командасын алға шығарды, Бдан кейін алаң иелерінің есепті еселейтін сәттері де болды. Қонақтар да қарап қалған жоқ. Бірнеше шабуылдарымен көзге түсті. Алайда ойын соңына дейін осы есеп сақталды, туриндік команда 3 ұпай еншіледі.