Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан «European Open» турнирінде еліміздің татами шеберлері 1 алтын 1 қола жүлде жеңіп алды.

Алтын медальді 60 келіде сынға түскен Айбек Имашев иеленсе, қола жүлдені осы салмақта белдескен тағы бір балуанымыз Ғұмар Қырғызбаев жеңіп алды.

Айта кетер жайт, Имашев 60 келі салмақта еліміздегі үздік бес дзюдошының қатарында болса, Ғұмар 2013 жылғы ел біріншілігінде жүлдегер атанған болатын