Өткен демалыс күндері Қызылорда қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты аяқталды.
Сайысқа Қазақстанның облыстары мен үш қаласынан (Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент) 16 команда және 233 атлет (152 – ұл, 81 – қыз) қатысты. Ер балалар арасында командалық бірінші орынды Қызылорда облысы атлеттері иеленді. Екінші орынды Алматы қаласы еншілесе, үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы өрендері жайғасты. Қыздар арасында Алматы қаласы командалық есепте бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды Ақмола облысы иемденсе, Қызылорда облысының спортшы қыздары тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
- Алматы қаласының қыздары сайысқа өте жақсы дайындалып келгенін айта кету керек. Ер балалар арасында 4 алтын жүлде жеңіп алған Қызылорда облысының спортшылары командалық есепте алға озды. Ал Алматы қаласы тек бір алтын медалді қоржынға салды, сонымен қатар, чемпионатта тіркелген рекордтардың арқасында, Алматы командалық есепте екінші орынға ие болды, - деді халықаралық дәрежедегі төреші Ақтоты Абдуллаева.
Комментарии