АҚШ-та ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүбірлі доданы қорытындылады.

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Сайхан Тайсуев әлемдік сынның ең үздік спортшысы атанды. Ол әлем рекордын орнатып, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.