ММА ережесіз жекпе-жек бойынша спорт шеберлері Асулан Тоқтарбаев пен Ержан Естанов Шешенстан астанасы Грозныйда өтіп жатқан Grand Prix Berkut турниріндегі кездесулерін өткізді.

61 келі салмақта өнер көрсеткен Тоқтарбаев Саид Нурмагомедовтан ұтылды. Екінші отандасымыз Ержан Естанов Гусейн Ризаевті тізерлетіп турнирдің келесі айналымын өтті.