"Барселона" ойыншысы Лионель Месси "Барселонадағы" өзінің үздік голын атады.

"Менің үздік голым - Реалда болды, Чемпиондар лигасының жартылай финалында", - деп келтіреді Мессидің сөзін Eurosport басылымы.

Басылымның мәліметінше, аргентиналық 31 жастағы футболшы 2011 жылы 27 сәуірде салған голын айтып отыр.

Айта кетейік, биыл "Барселона" мен "Реал" үш рет кездескен болатын.