Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы Габриэль Батистута отандасы Гонсало Игуаиннің Аргентина құрамасынан кетемін деген шешіміне байланысты пікірін білдірді.

- Игуаин керемет ойыншы. Оны бүкіл әлем жақсы көреді. Ал Аргентина халқы оның бірнеше ойындағы сәтсіздігіне байланысты ұната бермейді, - дейді Батистута.

Гонсало Игуаин Аргентина құрамасы үшін алғашқы ойынын 2009 жылы өткізген. Ұлттық құрама үшін 71 ойынға қатысып 31 гол соққан.